
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағалау, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты пайдалануға тиімділік аудитін жүргізді.
Мемлекетттік аудит барысында «BIM+ зертханасы» технологиялық даму орталығы» ЖШС-тің тең құрылтайшылары құрылған технологиялық даму орталығының жарғылық капиталына өз үлестерін салмағандығы анықталды.
Осыған байланысты, Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорына құрылған технологиялық даму орталығының тең құрылтайшыларына жарғылық капиталға үлестерді енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 4 ақпанда EcoDomus Inc қатысушы «BIM+ зертханасы» технологиялық даму орталығы» ЖШС-тің жарғылық капиталына 155 380 АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай үлес салды, бұл жарғылық капиталды толық қалыптастыруды қамтамасыз етті.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі