
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аудиттер жүргізу барысында жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін рәсімдеуде және қол қоюда авторлық қадағалау функцияларын айқындау бөлігінде құрылыс қызметін реттейтін нормативтік құжаттарда сәйкессіздікті анықтады
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне авторлық қадағалау өкілдеріне жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін рәсімдеу және қол қою функцияларын міндетті түрде беру бөлігінде «Құрылыстық өндіріс. Кәсіпорындар, ғимараттар және құрылыстар салуды ұйымдастыру» 1.03-00-2011 ҚР ҚН-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 210-нқ бұйрығымен «Құрылыстық өндіріс. Кәсіпорындар, ғимараттар және құрылыстар салуды ұйымдастыру» 1.03-00-2011 ҚР ҚН-ға тиісті өзгеріс енгізілді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі