«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» ММ Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдады

«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» ММ  Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы маусымда ұтымды басқаруды қамтамасыз ету, жер ресурстарын пайдалану және қорғау, сондай-ақ геодезия және картография саласында жер ресурстарын басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында аукцион қатысушыларына қойылатын талаптардың заңнамалық реттелмегені,  сауда-саттыққа кез келген жеке және заңды тұлғаға қатысуға жағдай жасай отырып, ол аукцион жеңімпазы атанғаннан кейін бұл жер учаскелерін одан әрі қайта сата алады; барлық санаттағы жерлер ұтымды пайдалануды бақылау және мониторингтеу бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмейді, жалпы Республика бойынша пайдаланылмайтын және тиімді пайдаланылмайтын жерлер бойынша жалпы талдамалық жиынтық ақпараттың жоқтығы  анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалар жер учаскелерін конкурс және аукцион қорытындысы бойынша сатып алғаннан кейін қайта сатуға шектеулер қою; мақсатсыз пайдаланылатын және пайдаланылмайтын  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді, сондай-ақ иесіз жерлерді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу мәселелерін пысықтау жөнінде тапсырмалар берілді

Осыған байланысты, Есеп комитеті тапсырмаларын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтарып алу мәселелері жөніндегі жол картасын бекітті. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен жер пайдалану құқығы берілген кезден бастап бес жыл жалға алу мерзімі өткеннен кейін жер пайдалану құқығын иеліктен шығару бөлігінде шектеулер қабылданды. Бұл норма 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап заңдық күшіне енеді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі