ҚР ЦДИАӨМ мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады

ҚР ЦДИАӨМ мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға мемлекеттік аудит, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты пайдалануға тиімділік аудитін жүргізді.

Мемлекетттік аудит барысында бас директордың орынбасарлары лауазымдық айлықақысының жоғарғы және төменгі шегін Атқарушы комитет бекітетіні анықталды.

Сонымен бірге, Жарғының 26-тармағына сәйкес бас директордың орынбасарлары лауазымдық айлықақысының жоғарғы және төменгі шегін Басқарушы комитет бекітеді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры бас директорының орынбасарлары лауазымдық айлықақысының жоғарғы және төменгі шегін бекіту жөніндегі мәселені «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының Басқарушы комитетінің қарауына шығару тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «ИТП» ДКҚ әзірлеген бас директордың орынбасарлары лауазымдық айлықақысының жоғарғы және төменгі шегі 2021 жылғы 27 желтоқсанда  «ИТП» ДКҚ  Басқарушы комитетінің отырысында қаралды және мақұлданды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі