
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өкілдері 2022 жылғы 17-21 қаңтар аралығында «IT-Аудит» тақырыбына арналған ЭКОСАИ-дің бес күндік онлайн семинарына қатысты.
Иран Ислам Республикасының Жоғарғы аудит органы іс-шараның ұйымдастырушы және модераторы болды. Сондай-ақ семинарда 18 елдің: Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Вьетнам Республикасы, Үндістан Республикасы, Индонезия Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Ирак Республикасы, Қазақстан Республикасы, Катар мемлекеті, Кувейт мемлекеті, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Палестина мемлекеті, Тәжікстан Республикасы, Түрік Республикасы, Түркіменстан, Өзбекстан Республикасы және Филиппин Республикасы Жоғарғы аудит органдарының 50-ден астам өкілі қатысты.
Иран ЖАО Президенті Мехрдад Базрпаш мырза, ИНТОСАИ ақпараттық технологиялар аудиті жөніндегі жұмыс тобының төрағасы ретінде Үндістан ЖАО Бас аудиторының орынбасары К.Р. Шрирам мырза, ЭКОСАИ Президенті –Қазақстан Есеп комитетінің мүшесі Расул Рахимов мырза құттықтау сөзін сөйледі.
М. Базрпаш мырза өз сөзінде ағымдағы жылы ЭКОСАИ оқу жоспарында жоспарланған бірінші оқу курсын өткізу бойынша ризашылығын білдірді. М. Базрпаш мырза Иран ЖАО-сы ИНТОСАИ саясатына сәйкес ақпараттық технологиялар аудитіне маманданған жұмыс тобын қалыптастыруға Иран ЖАО-сының дайындығы туралы айтты.
Иран ақпараттық технологиялар рөлін күшейтуге көп көңіл бөледі және өз жұмысын «Адамдар мен технологияларға бағдарланған ЖАО» қағидаты бойынша қалыптастырады.
Есеп комитетінің мүшесі Р.Н. Рахимов IT-аудит әдіснамаларын енгізу мәселелеріне ЭКОСАИ мүше-елдерінің ЖАО-лары қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, 2021 жылғы желтоқсанда Баку қаласында өткен ЭКОСАИ басқарма кеңесінің 25-отырысында осы тақырып бойынша бірқатар онлайн оқыту семинарларын өткізу туралы шешім қабылданды.
Есеп комитетінің тарапынан семинарда мемлекеттік аудит әдіснамасының мамандары қатысты.
Иранның IT-аудит саласындағы оқытушылары мен ғалымдары IT-аудиттің ең соңғы және практикалық техникалары мен тәсілдерін дайындап ұсынды. Атап айтқанда, COBIT (ақпараттық технологияларды басқарудың және аудитінің стандарты), CAATS (компьютерлік аудит әдістері) сияқты тәсілдер талқыланды, «Электрондық үкімет» платформаларының жетістіктері және IT-аудит бойынша әдіснамалық ұсынымдар көрсетілді.
Бұдан басқа, Түркия, Палестина, Әзірбайжан және Түркіменстанның ЖАО өкілдері IT-аудит саласындағы өз елдерінің баяндамаларын ұсынды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі