
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы қарашада жоспарлы тәртіппен Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметін бағалау бойынша тексеріс жүргізді.
Тексеріс барысында Тексеру комиссиясының лауазымды адамдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнама талаптарын сақтамағаны анықталды.
Осыған байланысты, Тексеру комиссиясының төрағасына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнама талаптарын бұзуға жол берген Тексеру комиссиясының аппарат басшысы мен басқа да лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Тексеру комиссиясы аппарат басшысын және 5 лауазымды адамды тәртіптік жауапкершілікке тартты.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі