
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылы қарашада республикалық бюджеттен Түркістан облысына бөлінген қаражатты пайдалануға мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында өңірде апатты жағдайдағы көп қабатты тұрғын үйлерді сүру бойынша шаралардың қабылданбағаны анықталды, бұл тұрғын үйлердің негізгі конструкцияларының құлауына және осы үй тұрғындары үшін теріс салдарларға алып келуі мүмкін.
Осыған байланысты, Түркістан облысының әкіміне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Кентау қаласының, Жетісай және Түлкібас ауданының әкімдіктері апатты деп танылған көп қабатты тұрғын үйлерді сүру бойынша іс-шаралардың жол картасын бекітті.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі