
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы қарашада жоспарлы тәртіпте Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметін бағалауды жүргізді.
Тексеріс барысында мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау жүргізу кезінде Стандарттарды, Қағидаларды және Мемлекеттік аудит туралы заңды қолдануда бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Осыған байланысты, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасына Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және Есеп комитетімен келісу бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы 2021 жылғы 31 желтоқсанда Есеп комитетімен келісілген Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі