
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы қазанда республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін жалпы сипаттағы трансферттер мен нысаналы трансферттерді және дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты жоспарлау және пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және облыстардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларын бұза отырып, жекелеген өңірлердің әкімдіктері (жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары) жергілікті жолаушылар тасымалдарының теміржол және автокөлік (ауданаралық, қалааралық, облысішілік) қатынастарын уақытша тоқтатуды қамтамасыз етпеген, соның нәтижесінде оларға субсидия төленген.
Осыған байланысты, тексеру комиссияларына төтенше жағдай кезеңінде тасымалдаушылар шығындарын қаржыландырудың негізділігін және субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын мақсатты пайдалану мәселесі бойынша мемлекеттік аудит жүргізуге тапсырма берілді.
Есеп комитетінің нұсқамасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тексеру комиссиясы тасымалдаушылар шығындарын субсидиялау шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Тұтастай алғанда, аудиторлық іс-шара қорытындысы бойынша жалпы сомасы 117,8 млн.теңге бюджет қаражатын пайдалану кезінде бюджет және өзге де заңнама бойынша қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қалпына келтіруге жататын 85,9 млн.теңге (аудит барысында 60,5 млн.теңге қалпына келтірілді), өтеуге жататын 31,9 млн. теңге (аудит барысында 5,1 млн. теңге өтелді), бұдан басқа 55 рәсімдік және 24 жүйелік бұзушылықтар анықталды.
Мемлекеттік сатып алулар және бухгалтерлік есеп заңнамасын бұзу жөніндегі 5 факті бойынша материалдар уәкілетті органдарға әкімшілік іс қозғау үшін жіберілді.
Сондай-ақ аудит қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәукелдердің болуын көрсететін бұзушылықтардың 6 фактісі бойынша аудит материалдары Нұр-Сұлтан қаласының құқық қорғау органдарына жіберілді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі