
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы маусымда арнайы экономикалық аймақтар (бұдан әрі – АЭА) қызметінің тиімділігіне аудит жүргізді.
Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында қаражатты негізсіз пайдалану және жүктелген міндеттерді тиісінше орындамау бөлігінде 6,1 млн. теңге сомасына бұзушылықтар анықталды.
Осыған байланысты, «Павлодар облысының құрылыс басқармасы» ММ-не (бұдан әрі – Басқарма) 6,1 млн. теңге сомасына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Басқарма 0,4 млн. теңге сомасына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдады.
5,7 млн. теңге сомасына анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі мәселе Есеп комитетінің бақылауында.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі