Қостанай облысының әкімдігі салынған объектілерді пайдаланушы ұйымдарға беру бойынша шаралар қабылдады

Қостанай облысының әкімдігі салынған объектілерді пайдаланушы ұйымдарға беру бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) 2019 жылғы қарашада 2016 жылдың  ІІ жартыжылдығы – 2019 жылдың       І жартыжылдығы аралығындағы кезеңде Қостанай облысына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне бағалау жүргізді.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара барысында Қостанай қаласында «Қажетті инфрақұрылымды тарта отырып, Қостанай қаласында индустриялық аймақ құру» жобасын іске асыру шеңберінде салынған объектілердің пайдаланушы ұйымдарға берілмегені анықталды.  

Осыған орай, Қостанай облысының әкімдігіне «Қажетті инфрақұрылымды тарта отырып, Қостанай қаласында индустриялық аймақ құру» жобасын іске асыру шеңберінде салынған және пайдалануға беру актілерімен қабылданған объектілерді пайдаланушы ұйымдарға беруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін бұдан бұрын 11 құрылыс объектісінің 9-ы пайдаланушы ұйымдарға берілді.

Қостанай облысы әкімдігінің қаулысымен бақылауда қалған объектілер бойынша:

  • 2021 жылғы 14 желтоқсандағы №579 қаулысымен «Қостанай қ. индустриялық аймағына ІІІ санаттағы теміржол кірме жолдарын салу» объектісі «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нен «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілді.
  • 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №606 қаулысымен «Диам. 315 мм – 5,224 км, газ өнімділігі – 20 000 м3/сағ жоғары қысымды газ құбыры» объектісі коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берілді.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі