Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі өзектендірілді

Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі өзектендірілді

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы қазанда республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін жалпы сипаттағы трансферттер мен нысаналы трансферттерді және дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты жоспарлау және пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында ИИДМ құзыретіне берілген «612/611 «Жаңаарка-Қаражал» жолаушылар тасымалдау бойынша маршрутының Қарағанды облысының мәслихатының шешімімен бекітілген әлеуметтік мәні бар жергілікті жолаушылар қатынасының тізбесінен алынбағаны анықталды.

Осыған орай, Қарағанды облысының әкіміне қолданыстағы Әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы, қалалық, (ауылдық) жолаушылар қатынасының тізбесін өзектендіру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 105 шешімімен Қарағанды облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі өзектендірілді.

 

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі