
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылғы ақпанда жоспарлы тәртіпте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мемлекеттік мекемесінің қызметін бағалауды және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау стандарттарын сақтауға бақылау жүргізді.
Тексеріс қорытындысы бойынша қаржылық есептілік аудитін жүргізудің әдіснамасы көптеген аспектілерде ISSAI халықаралық стандартына сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қаржылық есептілік аудитін жүргізудің әдіснамалық негіздерін қалыптастыра отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартын ISSAI халықаралық стандартына сәйкестікке келтіру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1340 бұйрығымен «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі