
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан – Есеп комитеті) 2019 жылғы қарашада республикалық бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне аудит, сондай-ақ Шымкент қаласының стратегиялық бағдарламалық құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағалау жүргізді.
Мемлекеттік аудит жүргізу барысында мемлекеттік коммуналдық тұрғын үйді жалдау бойынша берешек, заңсыз төленген көтермелеулер, артық бағаланған құн бойынша қабылданған жабдықты төлеу, жабдыққа негізделмеген сметалық пайданы қосу, жарғыда көзделмеген кірістерді алу, жұмыскерлер пайдаланбаған аванс бойынша дебиторлық берешекті уақтылы жаппау, мемлекеттік сатып алулар туралы шарттың техникалық ерекшелігіне сәйкес келмейтін тауарларды жеткізу бөлігінде 647,9 млн. теңге сомасына бұзушылықтар анықталды.
Осыған байланысты, Шымкент қаласының әкіміне 647,9 млн. теңге сомасына бұзушылықтарды қалпына келтіру, өтеу бойынша (жұмыстарды орындау, тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету) шаралар қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Шымкент қаласының әкімдігі жалпы сомасы 99,9 млн. теңге анықталған бұзушылықтарды қалпына келтіру, өтеу бойынша шаралар қабылдады.
548,0 млн. теңгені қалпына келтіру, өтеу жөніндегі мәселе Есеп комитетінің бақылауында.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі