
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы қарашада Түркістан облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалануға мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында жалпы сомасы 397,4 млн. теңге болатын, пайдалануға берілген екі құрылыс объектісі Түркістан қаласының әкімдігі Құрылыс бөлімінің балансынан Түркістан қаласының әкімдігі Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің балансына берілмегені анықталды.
Осыған байланысты, Түркістан облысының әкіміне анықталған бұзушылықты жою бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Түркістан қаласының әкімдігі екі құрылыс объектісін «Түркістан облысы Түркістан қаласының Отырар шағын ауданы айналма жолының бойындағы 6 көпқабатты ипотекалық тұрғын үй аумағында инфрақұрылым салу және абаттандыру (электрмен жабдықтаудың сыртқы желілері)» (баланстық құны – 87,0 млн. теңге) және «Түркістан облысы Түркістан қаласының Отырар шағын ауданы айналма жолының бойындағы 6 көпқабатты ипотекалық тұрғын үй аумағында инфрақұрылым салу және абаттандыру (бас жоспар, абаттандыру, сумен жабдықтау және кәріздің сыртқы желілері, байланыстың және жылумен жабдықтаудың сыртқы желілері)» (баланстық құны 310,4 млн. теңге) Түркістан қаласының әкімдігі Құрылыс бөлімінің балансынан Түркістан қаласының әкімдігі Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің балансына беруді қамтамасыз етті.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі