Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жалпы сомасы 1 236,3 млн. теңгені қалпына келтіру және өтеу бойынша шаралар қабылдады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жалпы сомасы 1 236,3 млн. теңгені қалпына келтіру және өтеу бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылғы қазанда Нұр-Сұлтан қаласын дамытуға, оның ішінде дағдарысқа қарсы іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдары жалпы сомасы 6 898,8 млн. теңге болатын құрылыс объектілері бойынша орындалған жұмыстар көлемінің сапасын қамтамасыз етпегені анықталды.  

Бұдан басқа, Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы жалпы сомасы 1 201,2 млн. теңге пайдаланылмаған ақша қаражатын республикалық бюджетке қайтармаған.

Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне жалпы сомасы 8 100,0 млн. теңгеге анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді. 

Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жалпы сомасы 2,5 млн. теңгеге жұмыстар орындауды қамтамасыз етті және 1 233,8 млн. теңгені қайтарды.

«Астана қаласында ЖЭО-3 салу. 1-кезек» және «Жаңа инфрақұрылымдық аймақ (Индустриалдық парк) инфрақұрылымын салу, 3-кезек (П-6, П-12, П-13 көшелеріндегі жылу тарату желілері). Бірінші іске қосу кешені» объектілері бойынша 6 792,0 млн. теңгені қалпына келтіру жөніндегі мәселе Есеп комитетінің бақылауында.

 

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі