Түркістан облысының әкімдігі 13,9 млн. теңге мөлшеріндегі соманы бюджетке қайтару бойынша шаралар қабылдады

Түркістан облысының әкімдігі 13,9 млн. теңге мөлшеріндегі соманы бюджетке қайтару бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы қарашада республикалық бюджеттен Түркістан облысына бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында жалпы сомасы 452,8 млн. теңгеге бір қатар қаржылық бұзушылықтар, 34 350,9 млн. теңге сомасына бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен пайдалану, 3 жүйелі кемшілік пен  рәсімдік сипаттағы 286 бұзушылық  анықталды. Осыған байланысты, Түркістан облысының әкіміне бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Түркістан облысының әкімдігі «Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру (3-кезек)» жобасы бойынша бекітілген сметалық құны асырылған 13,9 млн. теңге бюджетке қайтару бойынша шаралар қабылдады.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі