
2020 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті телекоммуникациялық желілер және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету саласында «Қазақтелеком» АҚ-ның активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында тәукелдерді басқару процесстерінің толыққанды автоматтандырылмауы, «Тәбет тәуекелі» мөлшерінің бекітілмеуі, қорғаныстың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеу кезінде жүзеге асырылғаны анықталды, бұл шығындарды дұрыс емес айқындауға алғышарттар жасайды.
Осыған байланысты, Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Қазақтелеком» АҚ «Тәбет тәуекелі» өтінішін бекіте отырып, 2019-2029 жылдарға арналған даму стратегиясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және іске асырылған тәуекелдер мен оқиғалар электрондық деректер базасын өндірістік пайдалануға одан әрі беру бойынша шаралар қабылдады.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі