«Алайғыр» ҚК» ЖШС мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады

«Алайғыр» ҚК» ЖШС мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады

2021 жылғы маусымда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-ның активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында 1,6 млн. теңге сомасына құрылыс-жөндеу жұмыстарының құнын асыру анықталды. Осыған байланысты «Алайғыр» ҚК» ЖШС жалпы сомасы  32,4 млн. теңге қаражатты қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Алайғыр» ҚК» ЖШС кредиторлық борыштан 1,6 млн. теңге мөлшерінде асырылған құнның сомасы акцептісіз тәртіппен ұсталды. Қалған сома бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі