ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады

2021 жылғы маусымда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-ның активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында есепке жатқызылуға тиіс ҚҚС-тің есептелген салық сомасынан асыру фактілері анықталды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетіне 2021 жылғы 6 желтоқсан мерзіміне дейін тауардың қосылған құнын арттыру және есепке жатқызылуға тиіс ҚҚС-тің сомасын арттыруды ұлғайту, «Алтыналмас Сауда үйі» ЖШС атына сату бойынша айналымды төмендету арқылы «Алтыналмас «АК» АҚ салық міндеттемелерін оңтайландыру заңдылығы мәселесі бойынша «Алтыналмас Сауда үйі» ЖШС-тің салық міндеттемелерін толық орындауға салықтық тексеру жүргізу тапсырылды.  

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Алтыналмас Сауда үйі» ЖШС-не қатысты 01.01.2018 жылдан 31.12.2020 жылға дейінгі кезең аралығында КТС және ҚҚС бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде  жалпы 338 550 теңге сомасына салық қоса есептілді және 1 618 750 теңге мөлшерінде КТС бойынша шығын азайтылды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі