
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы мамырда жер ресурстарын ұтымды басқару, пайдалану және қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия және картография саласында жер ресурстарын басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудиторлык іс-шара жүргізу барысында Қарағанды облысы елді мекендерінің жерлеріне жүргізілген тексеру әкімшілік шекаралардың болмауы кезінде жүзеге асырылғаны анықталды.
Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау үшін «ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті» ММ жер көлемін және шекараларды белгілей отырып, Қарағанды облысы елді мекендерінің жерлеріне жүргізілген тексеру қорытындыларын қайта қарау бойынша шаралар қабылдады.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі