
Құрметті әріптестер!
Еліміздің ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз!
Үш онжылдық ішінде өткен жол - бұл Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен егемен Қазақстанды құру және дамыту жолы, оның есімімен ұлттық бірлік, қоғамдық келісім, тұрақты даму, жарқын болашаққа ұмтылу сияқты негізгі құндылықтар мәңгі байланысты.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасының стратегиялық бағытын жалғастыра отырып, Қазақстан қоғамы өмірінің барлық салаларын жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаларды жүзеге асыруда.
Осы айтулы күні Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық және тұрақтылық тілейміз!
Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасында әрқашан бейбітшілік, бірлік пен келісім салтанат құрсын!
Құрметпен,
Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова