
Мемлекеттік аудит барысында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қызметінде бір қатар бұзушылықтар анықталды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне құны 1 837,0 млн. теңге болатын электромагниттік жаңғырықсыз камераны тиісінше және экономикалық жағынан тиімді орналастыру, оның жиынтығын толықтыру және тиімді пайдалану бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді.
Қазіргі уақытта Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «ИНТЕРЭКС и Компания» ЖШС электромагниттік жаңғырықсыз камераны жеткізу және оның жиынтығын толықтыру, сондай-ақ оның жұмысындағы ақауларды жою бойынша барлық талаптарды орындады.
2021 жылғы тамызда жаңғырықсыз камераны қолдана отырып, 30 МГц-8ГГц жиілік диапазонындағы антенналық жүйелердің сәулену аумағы параметрлерінің мемлекеттік эталоны жасалды. Заңнамаға сәйкес электромагниттік үйлесімділік жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына «Қазақстан стандарттау және метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының базасындағы сынақ зертханасы аккредиттелді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі