Есеп комитеті ЭКОСАИ Басқарма кеңесінің 25-отырысына қатысты

Есеп комитеті ЭКОСАИ Басқарма кеңесінің 25-отырысына қатысты

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ЭКОСАИ Президенті ретінде (2019-2022ж. кезеңіне)  Баку қаласында өткен ЭКОСАИ басқарма кеңесінің 25-отырысына қатысты. Әзірбайжан Республикасының Есеп палатасы ұйымдастырған іс-шараға ЭКОСАИ басқарма кеңесінің мүшелері – Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Түрік Республикасының жоғары аудит органдарының (ЖАО) өкілдері қатысты.  

 Отырыс барысында ЭКОСАИ Бас хатшысының өкілі Оваис Ахмед ЭКОСАИ-дің атқарған жұмысы туралы есеп берді. Атап айтқанда, ұйым қызметіне қатысты бір қатар мәселелер қаралды. Оның ішінде, 2019-2020 ж.ж. арналған жылдық есеп, ЭКОСАИ журналын шығару, өткізілген тренинг, семинарлар және ЭКОСАИ шеңберінде қол қойылған келісімдер.    

Қорытындылай келе, Есеп комитетінің мүшесі, іс-шара модераторы Нұрлан Нұржанов өз сөзінде ЭКОСАИ-ді одан әрі дамыту оның қатысушыларының белсенділігіне байланысты, сондықтан өзара қолдау, тәжірибемен алмасу және аудит практикасын жетілдіру ұйымның түйінді мақсаттарының бірі болуы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ Есеп комитетінің өкілдері Әзірбайжан Республикасының Есеп палатасы құрылуының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойлық іс-шараға қатысты. Есеп комитетінің мүшесі Нұрлан Нұржанов Әзірбайжан ЖАО төрағасын Есеп комитетінің атынан құттықтай отырып, екі ведомство мен екі ел арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастар мен ынтымақтастық біздің елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі кеңейіп, дами түсетінін атап өтті.

 

*ЭКОСАИ – Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің экономикалық ынтымақтастық ұйымының жоғары аудит органдарын біріктіретін ұйым.Ұйым 1994 жылы құрылды.

 ЭКОСАИ бойынша жоғары аудит органдарының өзара іс-қимылы бірінші кезекте мемлекетттік аудит, оны өткізу әдіснамасы мен практикасы, ЖАО әлеуетін арттыру және ЖАО жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталады

Есеп комитетінің баспасөз қызметі