«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-ның Директорлар кеңесі 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-ның Директорлар кеңесі 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы мамырда «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-ның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында Қазмұнайгаз-дың еншілес және тәуелді ұйымдарының стратегиялық даму жоспарлары бекітілмегені не өзектендірілмегені анықталды. Осыған орай Қазмұнайгаз-ға қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған өзекті түйінді көрсеткіштерді әзірлей отырып,  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз–Аэро» ЖШС, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің даму стратегияларын қабылда және өзектендіруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді.

Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-ның Директорлар кеңесі 2021 жылғы 3 қарашадағы шешімімен барлық еншілес және тәуелді ұйымдарына бірыңғай болатын 2022-2031 жылдарға арналған даму стратегиясын бекітті.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі