Есеп комитетінің қызметкерлері қазақ тіліндегі ІТ жобалармен танысты

Есеп комитетінің қызметкерлері қазақ тіліндегі ІТ жобалармен танысты

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті онлайн режимде «Қазақ тілін оқытудағы ІТ жобалар» тақырыбында онлайн оқу өткізді.  

Аталған оқуды ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш. Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Ақпараттық технологиялар басқармасы өткізді.

Оқу барысында лектор Мөлдір Бақытқызы елімізде тіл саясатын іске асыру, қазақ тілінің ғаламтордағы қолданыс аясын кеңейту мақсатында әзірленген қазақ тіліндегі IT жобалар, сондай-ақ латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің оңтайлы технологияларына қатысты мәселелермен таныстырды.

Тыңдаушыларға  «Тіл-Қазына» орталығы әзірлеген sozdik.kz, sozdikqor.kz, emle.kz, termincom.kz, tilqural.kz сияқты IT жобалар туралы, оларды  күнделікті жұмыс барысында қолданудың ыңғалы әрі ұтымды тұстары жөнінде толық ақпарат берілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі