Есеп комитетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті

Есеп комитетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін 2021 жылғы 30 қарашада Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Есеп комитетінің ардагерлері, экс-төрағалары және мүшелері, сондай-ақ еліміздің Жоғары мемлекеттік аудит органын құру мен нығайтудың көш басында тұрған жұмыскерлер шақырылды. Өңірлік тексеру комиссияларының басшылары да  бейнеконференция байланысы арқылы қатысты.

Құттықтау сөзін сөйлеген Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова ұжымды және шақырылған қонақтарды мерекемен құттықтай отырып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасының ерекше рөлін атап өтті, еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктері туралы, сондай-ақ Есеп комитетінің соңғы жылдардағы жұмысының нәтижелері туралы айтып берді.

Іс-шараның соңында Есеп комитетінің ардагерлерін «Есеп комитетінің құрылғанына 25 жыл» мерейтолық медалімен марапаттау рәсімі өтті. Есеп комитетінің дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін Омархан Өксікбаев (Есеп комитетінің төрағасы 2003-2012 ж.), Зинаида Загоскина (Есеп комитетінің мүшесі 1996-2011 ж.), Александр Горяинов (Есеп комитетінің мүшесі 2006-2016 ж.), Сапархан Омаров (Есеп комитетінің мүшесі 2011-2014 ж.), Халида Қамбарова (Есеп комитетінің мүшесі 2016-2021 ж.), Елқайыр Сыздықов (Есеп комитетінің аппарат басшысы 2007 – 2011 ж.), Мағбат Спанов ( «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС-тің директоры 2019-2020 ж.) марапатқа ие болды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі