Есеп комитеті ЭКОСАИ шеңберінде «Мемлекеттік борыш аудиті» тақырыбына семинар өткізді

Есеп комитеті ЭКОСАИ шеңберінде «Мемлекеттік борыш аудиті» тақырыбына семинар өткізді

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары аудит органдары ұйымының (ЭКОСАИ) мүшелері мен бақылаушылары арасында «Мемлекеттік борыш аудиті» атты онлайн семинар өткізді.  Семинардың модераторы Есеп комитетінің мүшесі Расул Рахимов болды.

Семинарға Беларусь Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Катар мемлекетінің, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Палестина мемлекетінің, Тәжікстан Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасының жоғары аудит органдарының (ЖАО) 28 өкілі қатысты.     

Іс-шарада мемлекеттік борышты басқару аудиті және сыртқы қарыз берушілерге тәуелділік тәуекелдерін азайту мәселелері талқыланды. 

Палестинаның Мемлекеттік аудит және әкімшілік бақылау бюросының директоры Аиман Альруб өз баяндамасында Жоғары аудит органының жыл сайынғы есептілігі шеңберінде  мемлекеттік борышқа талдау жүргізілетіндігін атап өтті. Өз кезегінде Өзбекстан Есеп палатасының  бас инспекторы Саидрасул Наджимитдинов Өзбекстан Есеп палатасының мемлекеттік борыш аудиті секторын құруға қатысты тәжірибемен бөлісті, оның негізгі функциялары қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалардың тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізу болып табылады.

Қазақстанның  Есеп комитеті Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Ләйлім Қашымова өз баяндамасында мемлекеттік қарыз алу саясаты кең көлемде қолданылатынын атап өтті. Бірақ мемлекеттік кредиттер тиімді пайдаланылған жағдайда ғана өтеледі.  Егер кредиттер тиімсіз пайдаланылған жағдайда, оларды төлеу бойынша берешек салық төлеушілерге және болашақ ұрпаққа жүктеледі. Сондықтан ЖАО мемлекеттік борышты бағалауды тұрақты негізде жүргізуі керек.

Қорытындылай келе, семинар модераторы Расул Рахимов мемлекеттік борышты басқаруда Жоғары аудит органдарының рөлінің маңызы күшейе түсетінін атап өтті. ЖАО тек сәйкестік және тиімділікке ғана емес, сондай-ақ қаржылық есептілік аудиті мен бюджетті атқару бойынша Үкіметтің есебін дайындау кезінде мемлекеттік борышты басқару аудитін талдайды және жүргізеді.

Семинар қатысушылары өткізіліп отырған семинар ЖАО тиімділігін арттыруға және біздің елдерімізде халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін қамтамасыз ету бойынша маңызды миссияны іске асыруда өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі