ЦДИАӨМ мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады

ЦДИАӨМ мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2018 жылғы желтоқсанда «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын бағалауға және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жекелеген бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының активтерін пайдалануға мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қызметінде бір қатар бұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ жергілікті атқарушы органдармен халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс істеуі үшін жер учаскелерін беру мәселесін шешу бойынша өзара іс-қимылдың әлсіз болуына назар аудару ұсынылды.

Аудиторлық қорытындының ұсынымдарын орындау мақсатында мемлекеттік корпорация жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жер учаскелерін беру бойынша жұмыс жүргізді. Сонымен бірге мемлекеттік корпорация мемлекеттік заңды тұлға болмағандықтан кейбір ЖАО өтеусіз негізде жеке меншік құқығын беруден бас тартқан. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік корпорация ЖАО іс-әрекеттеріне шағымдану бойынша шаралар қабылдады, ол жерде кейбір соттар мемлекеттік корпорацияның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Қазіргі уақытта талап арыз жұмысы нәтижесіз болғандықтан тоқтатылды.

Осылайша, бүгінгі күні 511 жер учаскенің 333-і мемлекеттік корпорацияның жеке меншігіне рәсімделді, 178 жер учаскесі рәсімделген жоқ.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі