
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2019 жылы Ұлттық қордың қаражатын, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның компаниялар тобына бөлінген бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында компанияның шығын қызметіне байланысты «Казгидротехэнерго» ЖШС іске асырып жатқан желілік инфрақұрылымды дамыту және «ГРЭС-29» құрылысы бойынша жоба тоқтатылғаны анықталды
Осыған орай Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін құрылысты аяқтау мақсатында «ГРЭС-29» жобасы перспективалы гидроэлектростанциялар тізбесіне енгізілді және 2020-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының гидроэнергетикалық саласын дамыту жоспарына, сондай-ақ 2024 жылы орындау мерзімімен 2022-2031 арналған «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ұзақ мерзімді даму стратегиясына енгізілді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі