«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобына кіретін компанияларды берудің жаңа тетігі әзірленді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобына кіретін компанияларды берудің жаңа тетігі әзірленді

2021 жылғы наурызда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

«Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамында жүргізілген аудит барысында Самұрық-Қазына қорының салалық емес еншілес (тәуелді еншілес) компанияларын бәсекелес ортаға берудің бірыңғай тетігі болмағандықтан, өткізілетін сату рәсімдерінің және тиісінше экономикалық пайда алудың ашықтығы қамтамасыз етілмейтіні анықталды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Қор әзірлеген бірыңғай қағидалар шеңберінде Жекешелендірудің кешенді жоспарына енгізілген активтер ғана сатылады). Осыған байланысты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілмеген, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның тобына кіретін компанияларды бәсекелес ортаға берудің тетігін әзірлеуге тапсырма берілді.

Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес Қор Басқармасының 2021жылғы 9 қыркүйектегі шешімімен Қор тобына кіретін ұйымдардың стратегиялық емес активтерін (дивестициялар) шығару бойынша корпоративтік стандартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі