«ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті» ММ-де жүргізілген аудит қорытындылары бойынша Есеп комитеті тапсырмаларының орындалуы туралы

«ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті» ММ-де жүргізілген аудит қорытындылары бойынша Есеп комитеті тапсырмаларының орындалуы туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы мамырда жер ресурстарын ұтымды басқару, пайдалану және қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия және картография саласында жер ресурстарын басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудиторлык іс-шара жүргізу барысында ведомстволық бағынысты кәсіпорындар бағдарламалық құжаттардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізбеу, жердің бар болуына және оны санаттар бойынша бөлу туралы есептілік нысандарының сәйкес келмеу фактілері, сондай-ақ «Жер балансы» МЖК ААЖ кіші жүйесінің жұмысында ақаулар анықталды. 

Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау үшін «ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті» ММ түйінді көрсеткіштерді «АШАІМИ» РМК-нің 2022-2026 жылдарға арналған даму жоспарларына жеткізу, есептілік нысандарына тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ «Жер балансы» кіші жүйесін үздіксіз сүйемелдеу үшін «ҰАТ» АҚ-пен шарт жасау бойынша шаралар қабылдады.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі