Есеп комитетінің ұсынымы бойынша Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобада салалық проблемаларды шешу бойынша іс-шаралар көзделді

Есеп комитетінің ұсынымы бойынша Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобада салалық проблемаларды шешу бойынша  іс-шаралар көзделді

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тиімділігін аралық бағалауға, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген саланың жекелеген проблемалары, сондай-ақ оларды нақты іс-шаралар мен көрсеткіштер арқылы шешудің жолдары бағдарламаны іске асырудың Іс-шаралар жоспарында көрсетілмегендігі анықталды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Үкіметіне жаңа агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде тиісті іс-шараларды орындау арқылы салалық проблемалардың шешімдерімен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сипаттайтын көрсеткіштерді енгізу мәселелерін қарау ұсынылды. Сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарымен, оның ішінде «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» саласындағы бақыланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі» жалпыұлттық көрсеткішін көрсету бөлігінде өзара байланыстылықты көздеу.

Есеп комитетінің ұсынымын орындау үшін салалық проблемаларды шешу жөніндегі іс-шараларды көздейтін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 732 қаулысымен бекітілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі