Павлодар облысының әкімдігі Есеп комитеті анықтаған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдады

Павлодар облысының әкімдігі Есеп комитеті анықтаған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы қыркүйекте республикалық бюджеттен Павлодар облысына бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында бюджет және өзге де заңнама талаптарын сақтамау фактілері анықталды.

Осыған байланысты, Павлодар облысының әкімдігіне бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарта отырып,  мемлекеттік аудит барысында анықталған бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтарын бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге тапсырма берілді.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Павлодар облысының әкімдігі 2021 жылғы 15 қазанда Есеп комитетінің аудиторлық қорытындысының нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.

Бұзушылықтарға жол берген лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша 7 сөгіс түріндегі, 9 ескерту түріндегі 16 тәртіптік жаза салынды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі