Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2019 жылғы қарашада мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру тиімділігін талдау және бағалау мемлекеттік аудитін жүргізді, оның нәтижесі бойынша негізгі міндеттерді орындамау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарын сақтамау анықталды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына, сондай-ақ 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

 Есеп комитетінің баспасөз қызметі