Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Отырыста  Ұлттық комиссия қызметінің  ұйымдастырушылық мәселелері талқыланып, Есеп комитеті, тексеру комиссиялары, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жұмыскерлері ішінен және жеке тұлғалардан 26 үміткермен әңгімелесу өткізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша 17 үміткерге мемлекеттік аудитор біліктілігі және 1 үміткерге ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді. 8 үміткер мемлекеттік аудитор біліктілігін иелене алмады.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі