«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуларды азайта отырып, сатып алуларды жоспарлауды ұйымдастыру бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік басқаруды қайта қарау бойынша шаралар қабылдады

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуларды азайта отырып, сатып алуларды жоспарлауды ұйымдастыру бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік басқаруды қайта қарау бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы мамырда «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-ның ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алулары 2017-2019 жылдары орташа есеппен 91,6% құрады. Осыған байланысты, Қоғамға белгіленген тәртіппен бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуларды азайта отырып, сатып алуларды жоспарлауды ұйымдастыру бойынша тиісті үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған корпоративтік басқаруды қайта қарау, сондай-ақ негізгі құралдарды міндетті тіркеу бойынша шараларды қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Қоғам Сатып алуды жоспарлау қағидаларына, сатып алуға арналған құжаттар топтамасын дайындау мен келісу,  сатып алуларды жүзеге асыру және Қоғамның сатып алулары бойынша есептерді қалыптастыруға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Қоғамның Жылжымайтын мүлік объектілерін айқындау, рәсімдеу және тіркеу нұсқаулығы, сондай-ақ Күрделі құрылыс объектілерін қабылдау бойынша нұсқаулығы бекітілді.  

 Есеп комитетінің баспасөз қызметі