
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы маусымда арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында АЭА қатысушыларында білікті кадрлардың жетіспеушілігі және жергілікті мамандар біліктілігінің төмендігі анықталды.
Осыған байланысты, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамына («ҰИМТ» АЭА БҚ» АҚ) және «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамына («Павлодар» АЭА БҚ» АҚ) білікті кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ АЭА қатысушылары жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру үшін мамандарды даярлау/қайта даярлау бойынша дуалды оқыту шеңберінде «ҰИМТ» АЭА қатысушылары мен білім беру және оқу орындарының ынтымақтастығына жағдай жасау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Қазіргі уақытта, білім беру қызметі саласында, тараптар жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру, мамандарды даярлау/қайта даярлау бойынша дуалды оқыту саласында «ҰИМТ» АЭА БҚ» АҚ пен «APEC PetroTechnik жоғары колледжі» ЖШС, сондай-ақ «Павлодар» АЭА БҚ» АҚ пен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Еуразиялық инновациялық университет арасында меморандум жасалды.
Бұдан басқа, университеттер студенттері «Павлодар» АЭА аумағында орналасқан кәсіпорындарда одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен өндірістік практикадан өте алады.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі