
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2019 жылғы қарашада мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру тиімділігіне талдау және бағалауға мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы нормативтік құқықтық актілерде кемшіліктер анықталды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне оларды жою бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Министрлік 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына, сондай-ақ 2015 жылғы 26 қарашадағы № 731 бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі