"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" КеАҚ заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша шаралар қабылдады

"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" КеАҚ заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті    2021 жылы ғылымды, орта және жоғары білім беруді дамытуға бөлінген қаражаттың, квазимемлекеттік сектор активтерінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама және ҚР Еңбек кодексі саласында бұзушылықтар анықталды.

Осыған орай, "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамаған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Осылайша, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2 қызметкеріне сөгіс және қатаң сөгіс жариялау түрінде тәртіптік жаза берілді, сондай-ақ 7 жұмыскермен еңбек шарты бұзылды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі