Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шаралар қабылдады

Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шаралар қабылдады

2019 жылғы маусымда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында бәсекелес нарық жағдайында зейнетақы активтерін тиімсіз басқару фактілері анықталды, осыған орай Қазақстан Республикасының Үкіметіне  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде өтінішсіз тәртіппен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесін қарау ұсынылд

 Есеп комитетінің ұсынымдарын іске асыру үшін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 37-бабына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашуды көздейтін түзетулер енгізілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі