
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы маусымда ұтымды басқаруды қамтамасыз ету, жер ресурстарын пайдалану және қорғау, сондай-ақ геодезия және картография саласында жер ресурстарын басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінде картографиялық қызметке және мемлекеттік органдар пайдаланатын координаттар жүйесіне талдау бойынша жұмыс жүргізілмегендігі анықталды. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті» ММ-не картографиялық қызметке және мемлекеттік органдар пайдаланатын координаттар жүйесіне талдау жүргізу бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді.
Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес, Мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес картографиялық қызметке және мемлекеттік органдар пайдаланатын координаттар жүйесіне талдау жүргізілді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі