Ұлттық экономика министрлігі жалпы сипаттағы трансферттер мен бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша шаралар қабылдады

Ұлттық экономика министрлігі жалпы сипаттағы трансферттер мен бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін жалпы сипаттағы трансферттер (ЖСТ) мен нысаналы трансферттерді және дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражаттарды жоспарлау және пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында Алматы облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ҚР Бюджет кодексінің 45-бабының 6, 9-тармақтарының талаптарын бұза отырып, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері   есеп-қисабының (әдістемесі) бекітілген тәртібінсіз 2017-2019 жылдарға және 2020-2022 жылдарға арналған ЖСТ көлемдері негізсіз айқындалғандығы анықталды. Түркістан облысының стратегия и экономикалық даму басқармасы 2020-2022 жылдарға арналған ЖСТ көлемдерін айқындау кезінде ұқсас бұзушылыққа жол берген.

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет шығындарының болжамды көлемдерін айқындау кезінде бірыңғай тәсілдің болмауы Алматы және Түркістан облыстарында аудандардың бюджеттік қамтамасыз етілуінде диспропорция тәуекелдерін күшейтеді. 

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін және  бірыңғай тәсілін бекіту мақсатында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісуге тапсырма беру ұсынылды.

Бұдан басқа, Ұлттық экономика министрлігіне (ҰЭМ) Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары үшін бастапқы деректермен үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мен  ақпараттық жүйе не сервистік бағдарламалық өнімді енгізу арқылы ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін болдырмау бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берілді. Сондай-ақ жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде пайдаланылатын бастапқы деректерді келісу, қалыптастыру мәселелері бойынша орталық, өкілді және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмін және тетігін айқындау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Қазіргі уақытта Бюджет кодексіне аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Жергілікті атқарушы органдар аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидаларын бекіту бойынша жұмыс жүргізуде.

Ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мен ЖСТ-нің есептік файлының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ҰЭМ IT-шешім жобасын ұсынды, ол арқылы ақпараттық қауіпсіздік пен адами фактор қаупі жойылды.

Бұдан басқа, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 86 бұйрығымен Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптары әдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда ЖСТ есептеу кезінде қолданылатын барлық көрсеткіштер мен коэффициенттер қайта қаралды және реглементтелді, сондай-ақ ведомствоның жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін айқындау мәселелері бойынша тиісті саланың ОМО мен жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл алгоритмі мен тетігі көзделді

Есеп комитетінің баспасөз қызметі