
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджета 2021 жылғы мауысымда арнайы экономикалық аймақтар (бұдан әрі – АЭА) қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Мемлекеттік аудит барысында АЭА-да бос тұрған әкімшілік үй-жайлар анықталды.
Осыған байланысты, «Алатау» технопаркі» ЖШС-не өндірістік модульдерді «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қатысушыларына жалға беру бойынша қызметтерді ұсыну мәселесін қарау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 2021 жылғы 5 тамызда «Инновациялық технологиялар паркі» қатысушыларына кеңсе және өндірістік үй-жайларды ұсыну моделін көрсеткен АЭА «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА БК өкілдерімен «онлайн» кеңес өтті. Сондай-ақ кеңесте АЭА қатысушылары үшін «өнеркәсіптік парктер» түріндегі өндірістік үй-жайларды ұйымдастыруда жаңа бағытты іске асыру перспективалары талқыланды. Қазіргі уақытта «Алатау» технопаркі» ЖШС жалпы ауданы 4314,2 ш.м. үй-жайларды жалға берді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі