
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы маусымда арнайы экономикалық аймақтар (бұдан әрі – АЭА) қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында шарттардың талаптарын бұзушылық фактілері анықталды, оларға сәйкес тиісті шаралар қабылданбаған, кейбір ғимараттар мен құрылыстар пайдаланылмаған, «Кедендік ресімдеу аймағында» ауданы 8 га жер учаскесінде құрылыс басталмаған.
Осыған байланысты «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ-ға («Ақтау теңіз порты»АЭА» АҚ) АЭА-ға 16 қатысушысымен қызметтерін жүзеге асыру, сондай-ақ жарғылық капиталды толықтыруға берілген мүлік пен ауданы 8 га жер учаскелерін одан әрі пайдалану туралы шарттарын бұзу рәсімдеріне бастама жасау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің Нұсқамасын орындау мақсатында «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ «Ақтау теңіз порты» АЭА-ға 9 қатысушысына шарт және АЭА туралы Заң талаптарын орындау туралы хабарламалар жіберді.
«Ақтау теңіз порты» АЭА-ға 9 қатысушысымен қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға қосымша келісімдер жасалды және АЭА-ға 2 қатысушысымен («Жаужүрек Құрылыс» ЖШС және «Kazakhstan Chemical Products» ЖШС) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар бұзылды.
Сондай-ақ «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ Басқарушы компанияның Жарғылық капиталына берілген мүліктің бөлігі болып табылатын ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және оларды әрі қарай пайдалану мен жалға беру жоспарлары туралы ақпарат берді. Ақтау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі №09-10/1367 қаулысымен жер учаскелері мемлекет меншігіне алынып, кейіннен «Ақтау теңіз порты» АЭА-ға берілді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі