«SIEMENS» ЖШС «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-ның есеп айырысу шотына 1 564 657,03 теңге тұрақсыздық айыбын аударды

«SIEMENS» ЖШС «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-ның есеп айырысу шотына 1 564 657,03 теңге тұрақсыздық айыбын аударды

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес ұйымдары активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит кезінде «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС Азаматтық кодекстің 272 -бабының және шарт талаптарын бұза отырып, жабдықты уақтылы жеткізбегені үшін «SIEMENS» ЖШС-дан тұрақсыздық айыбын  өндіріп алмағаны  анықталды.

Осыған байланысты «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-ға «SIEMENS» ЖШС-дан трансформаторды, сорғыны және басқа жабдықты уақтылы жеткізбегені үшінтұрақсыздық айыбы сомасын өндіріп алу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау үшін «SIEMENS» ЖШС 2019 жылғы 24 мамырдағы №o256465/2019/1 наразылықтарды реттеу туралы келісім шеңберінде 1 564 657,03 теңге мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбы сомасын 2020 жылғы 15 желтоқсанда «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-ның есеп айырысу шотына аударды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі