
Елорда аумағында тазалықты сақтау мақсатында 2021 жылы 18 қыркүйекте 2021 «World Cleanup day 2021» Дүниежүзілік тазалық күні мен «Birge - taza Qazaqstan» республикалық экологиялық акциясы аясында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
«World Cleanup Day» Дүниежүзілік тазалық күні әлемнің 180 елінде, соның ішінде Қазақстан қоса алғанда 20 миллионнан астам адамды жинады. «Birge - taza Qazaqstan» акциясының мақсаты - табиғатымыздың ластану мәселесіне назар аудару және ұлттың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосу.
Есеп комитеті экологияны қолдау бойынша қоршаған ортаны сақтау мен жақсартуға бағытталған іс-шараларға тұрақты түрде қатысып отырады.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі