
2021 жылдың маусымында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында шарттардың талаптарын бұзу фактілері анықталды және олар бойынша тиісті шаралар қолданылмаған.
Осыған байланысты «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ-ға («Оңтүстік» АЭА БК» АҚ) АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды бұзу рәсімдеріне бастамашылық ету тапсырылды.
Осылайша, 2021 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы АЭА қатысушыларының бірыңғай тізілімінен «Оңтүстік» АЭА-ның үш қатысушысы шығарылды: «South Makta» ЖШС, «Qazaq Standart Service» ЖШС және «Kagaz Shahary SEZ» ЖШС. Сондай-ақ, «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ға Бірыңғай тізілімінен 2 АЭА қатысушысын: «OXY TEXTILE» ЖШС және «Ютекс KZ» АҚ-ны шығару туралы хаттар жіберген.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі