«Астана-Технополис» АЭА БК» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

«Астана-Технополис» АЭА БК» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

2021 жылдың маусымында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында басқарушы компания инфрақұрылым объектілерінің құрылысы мен АЭА қызметінің басқа түрлерін жүзеге асыру үшін инвестиция тарту функциясын жүзеге асырмайтыны анықталды.

Осыған байланысты, «Астана-Технополис» АЭА БК» АҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылуына жол бергендердің (жауапты қызметкерлердің) жауапкершілігін қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін, «Астана-Технополис» АЭА БК» АҚ 2021 жылғы 27 тамыздағы мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтар үшін 2019 жылғы шілде - 2020 жылғы қаңтар аралығында Басқарушы компанияның Басқарма Төрағасының орынбасары болған Мониторинг және есеп беру қызметінің басшысына «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылған.

 Есеп комитетінің баспасөз қызметі