Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы Есеп комитетінің ұсынымы бойынша бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы Есеп комитетінің ұсынымы бойынша бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді

2020 жылғы қазанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жалпы сипаттағы трансферттерді және республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттерді және дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен облыстардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларын бұза отырып, жекелеген өңірлердің әкімдіктері (жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары) субсидиялар төленген темір жол және автокөлік (ауданаралық, қалааралық, облысішілік) қатынастарындағы жергілікті жолаушылар тасымалын тоқтата тұруды қамтамасыз етпегені анықталды. 

Осыған байланысты, тексеру комиссияларына төтенше жағдай кезеңінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға (2020 жылғы сәуір-мамыр) бөлінген бюджет қаражатын қаржыландырудың және мақсатты пайдаланудың негізділігі мәселесі бойынша мемлекеттік аудит жүргізу тапсырылды.

Есеп комитетінің нұсқамасы бойынша Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Қамту сомасы - 337,5 млн. теңгені құрады. Аудит нәтижелері бойынша 32,5 млн.теңге сомасында жіберіп алынған пайда анықталды және рәсімдік сипаттағы 5 бұзушылық белгіленді. Аудит қорытындысы бойынша Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия, Жаңаөзен аудандарының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының жіберілген бұзушылықтарын жою бойынша тапсырмалар берілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі